Посольство России в Казахстане
1.01K subscribers
12.9K photos
2.16K videos
6 files
7.84K links
Download Telegram
🎉Құрметті қазақстандық достар,

Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

🇷🇺🇰🇿Ресей үшін Қазақстан тек көрші мемлекет және сауда-экономикалық алмасуларға қатысушы ғана емес. Бұл сенімді одақтас және интеграциялық серіктес. Ресей оның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайтын және қажет болғанда қорғауға көмектесуге дайын.

📈Қазақстан мемлекетінің сенімді үдемелі дамуын, экономикалық көрсеткіштерінің өсуін, сыртқы саяси саладағы және басқа да көптеген салалардағы табыстарын байқау қатты қуантады. Бұл біздің елдеріміздің стратегиялық әріптестігінің ортақ мүдделеріне сай келеді және кеңірек айтқанда - өңір мен Еуразиялық кеңістіктің тұрақтылығына аса маңызды үлес қосады.

❤️Біз Қазақстандықтардың өз Отанын қалай шын жүректен бағалайтынын, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың курсына сәйкес жаңа Қазақстанның құрылысын қандай мақсаткерлікпен қабылдағанын білеміз.

🤝Бауырлас Қазақстан халқына өркендеу, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз!

#Республикакүні #Ресей #Қазақстан