Кәрім Мәсімовтың өкіметі, өз кезінде, шетелден көшіп келетін қазақтарға, сотталмағаны туралы анықтама талап етті. Қытай елі осы анықтаманы бермегендіктен, ол жақтан көшіп келген, бірәз қазақ, азаматтық ала алмай, кері қайтуына тура келді. Сол қазақстанға келіп, қайта барған қазақтар, дерлік қытай лагеріне қамалды. Олардың қан қарызы, Масімов мырзаның мойнында деп білемін. Ұлыт жанды адамдар болса, бір үстелдің басында шешім табар еді, қанша адам, зар жылап, қан қақсасада, меңіреу үкімет, осы мәселені, 5 жылға жуық созды. Бұл қытайдан келетін қазақтың, көш жолын, бір жолата тосты, оның арты, қытайдың лагеріне ұласты...